Судьялар жұмысын оңтайландыру үшін соттар біріктірілді
Судьялардың жүктемесін теңестіру және жұмысты оңтайландыру бойынша биыл Астанада 8 сот және Шымкент қаласында 4 сот біріктірілді.
Сонымен қатар соңғы 2 жыл ішінде отандық сот жүйесінің инфрақұрылымы 34 мың шаршы метрге ұлғайды. 2024 жылға дейін тағы 40 мың шаршы метр нысан, пайдалануға беріледі. Бұл туралы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов, фемида өкілдерінің елордада өткен халықаралық жиынында айтты. "Сот әкімшілігі тәуелсіз сот төрелігі үшін: әлемдік стандарттар және үздік тәжірибелер" атты дөңгелек үстелге шетелдік меймандармен бірге Цифрлық даму, инновациялар және аэро-ғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері де қатысты.
Нұрсұлтан Байтілесов, ҚР сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:
- Бүгінгі таңда офлайн форматта 5 мемлекет келіп отыр. Ал онлайн форматта 30-дан астам дүние жүзі мемлекеттері қатысатын болады. Және де Халықаралық Сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Пальма келіп отыр. Ол арнайы ҚР сот жүйесі мен менеджментіне жасалып жатқан жетістіктерімен танысуға және көптеген елдерге үлгі ретінде көрсетуге арнайы келіп отыр.