М. Әшімбаев «Елорда мақтанышы» атты жалпықалалық түлектер кешіне қатысты

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Елорда мақтанышы» атты жалпықалалық түлектер кешіне қатысты.

Палата Спикері ел Президентінің құттықтауын оқып берді. "Мемлекет басшысы жастарды қолдау мәселесіне әрдайым баса мән беріп келеді. Соңғы жылдары университет гранттарының саны көбейді. Кәсіпкерлікпен айналысамын дейтін жастарға да жол ашық", - деді Мәулен Әшімбаев. Кешке елордадағы 133 мектептен 9000 түлек қатысты. Биыл 280 астаналық түлек "Алтын белгіге" үміткер болса, 607-сі алтын ұя мектебін үздік бағамен тәмамдады. Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жас түлектерге сапалы, заманға сай білім алудың маңызы жайында тағылымды ойын жеткізді. Жастар сүйіп тыңдайтын әншілерінің өнерін де тамашалады.

Азиза Қуандық, жас түлек:

- Болашаққа жоспарларым осы жүргенов атындағ,ы өнер академиясына түсу болып отыр. өз тарапымнан осы режиссура мамндығының иегері атанғым келеді. себебі бұл мамандық көрермендерге өз уөзқарасымды жеткізудің бір қыры. сонд осы мақс жету үшін бар күшімді салатын боламын.