Шымкентте жылыту маусымына дайындық басталды

Шымкентте газбен қамтуға жауапты қызметтер жылыту маусымына дайындықты бастап кетті.

Қазір «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының қызметкерлері желілерді қарап, тозығы жеткен жабдықтарды ауыстыруға кіріскен. Айта кетерлік жәйт, заманауи технологияның көмегімен қазір бұл бағыттағы жұмыстар барынша жедел жүргізіліп жатыр.

Жылыту маусымына дайындық аясында бүгінгі таңда мамандар 599 шақырым газ құбырына аспаптық тексеру жүргізді. Сондай-ақ жерасты газ құбырларын электрохимиялық қорғаудың тиімділігі тексерілді. 470 газ тарату пунктіне, 55 мың шкафтық тарату пунктіне кезекті жөндеу жүргізілді. Жылыту маусымына дайындық шараларына 30-ға жуық техникалық жұмыс түрі кіреді.

Болатхан Дүйсенбаев, газ желілерін жөндеу қызметінің басшысы:

- Қазіргі кезде жоғары қысымды газ құбырындағы задвижканы ауыстырып жатырмыз. Жұмыс өзінің өз жоспарыымен жүргізіліп жатыр.

Жылыту маусымына лайықты дайындалу алдағы суық күндерде табиғи газдан таршылық көрмеудің кепілі. "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясының барлық өндірістік филиалдары өз жұмыстарын жоспарға сай, кешіктірмей, уақтылы орындап жатыр. Компанияс биыл да Шымкент қаласындағы газ желілерін жаңалауды жалғастыруда.

Айбек Ерғали, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы директорының  бірінші орынбасары:

- Бүгінгі таңда 198 мекенжайды уже газды жөндеу жұмыстарын атқарып қойдық. Алдағы уақытта қыркүйек айына дейін бітіруге жоспарлап отырмыз. Бұл дегеніміз қаламызды қысқы маусымда апатсыз жағдайда газ тасымалдау, халыққа нақты жеткізу болып табылады.  

Қыркүйек айының соңына дейін биылға жоспарланған құбыр жаңалау жұмыстары мен жылыту маусымына дайындықты аяқтаймыз дейді газ мамандары. Жалпы бүгінге дейін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның алдағы жылыту маусымына дайындық шараларын орындау деңгейі 44% -ды құрайды. 

Талғат Серікқалиұлы, Катерина Попкова, Нұрмахан Бекмұратов