Шымкентте «Жас ұлан» мектебінің түлектеріне аттестат табысталды
Шымкентте «Жас Ұлан» мектебінің түлектеріне аттестат табысталды.
Биыл оқу ордасын 129 оқушы тәмәмдады. Ұландар дәстүрлі мектеп бағдарламасымен қатар, әскери қызметтің негізін үйреніп шықты. Түлектердің дені жоғары әскери оқу орындарына түсуді жоспарлап қойған. Болашақта отан қорғаушылар қатарына қосылуды көздейді. Аттестат алған түлектер салтанатты сап түзеп, дәстүр бойынша аспанға тиын лақтырды. Бұл болашақ әскери мансаптың мінсіз болуына ырымдап жасалатын рәсім.
Нұрберген Талғат, мектеп түлегі:
- Бүгінгі күн бізге өте ерекше күн деп санаймын. Себебі біз екі жылымызды өзіміздің ыстық командирлерімізбен және де жолдастарымызбен өткіздік. Және де осы күндерге көптеген алғыс айтамын. Әрі қарай мен екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т. Бегельдинов атындағы әуе қорғаныс күштеріне түскім келеді.
Пернехан Орынбеков, С. Рақымов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің директоры:
- Түлектеріміз осы аптада ғана қорытынды емтихандарын тапсырды. Ұлттық тестілеуден де сәтті өттік. 125 балл алған ұланымыз бар. Түлектердің 90 проценті алдағы уақытта қорғаныс министрлігіне тиесілі жоғары әскери оқу орындарына түсуді көздейді.