СҚО-да 7,5 мыңнан астам көлік заңдастырылды
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 7,5 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды.
Оның 115-і «конструктор», яғни елімізге қосалқы бөлшек түрінде әкелінген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің мамандары хабарлады. Ел бойынша заңдастыру науқаны бірінші шілдеде аяқталады. Сондықтан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Межелі мерзімге дейін өтініш беріп үлгергендердің темір тұлпарлары тиісті талаптарға сай болса, болашақта заңдастыру құқығы беріледі. Қазір аймақта электронды жүйе арқылы тұрғындардан мыңнан астам өтініш түсті.
Қайрат Сейітқұлов, ПД Процессингтік орталығының аға мемавтоинспекторы:
- Заңдастырудың аяқталуына байланысты көлік саны көбейді. Бүгінгі таңда жұмыс уақыты да өзгертілді. Күніне шамамен 100-120 көлік өтіп жатыр. Заңбұзушылық, 2 факті болған. Яғни жалған құжаттарды қолдан жасау. Оларды біз тіркеп, қазір анықтаушы органдар іс жүргізіп жатыр.