Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтті

Елордада «Мақсаты бірдің – ұлты бір!» атауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сессияға ассамблеяның 90-ға жуық мүшесі қатысып, жастар, тіл, халықтар арасындағы достық мәселелері көтеріліп, шешу жолдарын ақылдасты. Бұдан бөлек, бүгін достық үйінің 5 жылдық мерейтойы атап өтілді.

Осы жылдар ішінде орталық 100-ден астам еріктілер мен қайырымдылық шараларына қолдау жасаған. Қазір 23 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Сессиядан кейін мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Тілеген Садықов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

- Бүгін Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтейін деп отыр. Тақырыбы, көріп отырсыздар, бұл – халықтар арасындағы достық, татуластық. Өйткені татулық бар жерде жақсы қарым-қатынас, тіршілік болады. «Тіршіліктің көзі – бірлікте» деп қазақ тегін айтпаған. Сондықтан да бүгінгі сессияның негізгі мәселесі сол болмақ.