Құрбан айт – ұлық мереке. LIVE
Құрбан айт — ұлық мереке.
Ол сонау Ибраһим пайғамбар заманынан бастау алады. Бұл күндері сараңдық сыналып, жомарттық бағаланады, адамның ішкі пейілі мен адалдығы тарызға түседі. Бүгін таңғы сағат алтыда Астана қаласында Айт намазы оқылды.
Мешітке келген қауымның қарасы қалың ба? Елордада құрбан шалу орындары қай жерде орналасқан?
Гүлзия Нақыпқызы, тілші
- Иісі мұсылман қауым жылына бір келетін ұлық күнді күтетіні белгілі. Мұны айт намазына келген жамағаттың санынан байқауға болады. Айт намазы бас қалада таңғы сағат 6-да оқылды. Биыл Құрбан айт мейрамы 28 маусымнан басталады. Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін мейрам. Мұсылман қауымы Құрбан айтты қатарынан үш күн тойлайды. Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Биыл ол 28, 29, 30 маусым күндері аталып өтеді. Аз ақпарат айта кетсем, құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп. Мейрамның бірінші күні мұсылмандар ертерек тұрып, жуынып, таза киімін киіп, хош иісті әтірін сеуіп, мешітке айт намазына келеді. Намазды оқып болғаннан кейін бір-бірін Құрбан айтпен құттықтап, құшақ жайып, өкпе-реніші болса кешіріп, татуласады. Бұдан соң шамасы жеткен мұсылман құрбан шалып ас таратады. Биыл да әдеттен жаңылмай, құрбан шалып жатқандарды көрдік.