Елде самокат жүргізушілерге талап көп
Самокатты жалға беретін компаниялар жол жүру ережесіне енгізілетін өзгерістерді қайта қарауды сұрайды.
Жаңа заңға бойынша, самокатпен жүретін азаматтың көлікті басқаруға рұқсат құжаты болуы қажет. Оған қоса, арнайы баскиім киюі тиіс. Бұл мәселені толығымен шешпейді. Ең алдымен мегаполисте инфрақұрылымды дамыту керек. Содан кейін ғана электросамокаттың жүрісін реттейтін заң қабылдаған жөн,-дейді олар. Алматыда самокатты жалға беретін компаниялар мен жергілікті билік өкілдері бас қосып осы мәселелерді талқылады.
Даниил Капцан, самокатты жалға беретін компанияның өкілі:
- Заң жобасын әзірлегенде саарапшы мамандар қатысу керек еді. Жаяу жүргіншілер жолында сағатына 6 шақырым,-дейді. Бұл жаяу адамның жүрісі ғой. Ал электросамокат көлік құралы. Қазіргі инфрақұрылым ескірген. Содан барып, қоғамда наразылық туындап отыр. Самокат жол қозғалысының қатысушысы. Сондықтан, осындай көлік құралдарының өзінің жолағы болуы тиіс. Яғни, веложолақты көбейту керекпіз.