Ақтауда итбалықтардың өлекселері табылды
Ақтауда теңіздің жағасынан итбалықтардың өлекселері табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оны демалуға келген туристер байқаған. Мына видеоны халық қаладан 40 шақырым жерде түсіріп алған. Бейнекадрлерден итбалықтардың бірінің терісі сыпырылғаны көрініп тұр.
Әзірге мұндай жағдайға не себеп болғаны белгісіз. Соңғы кездері Каспий теңізінде балықтар жиі қырылады. Жуырда тіпті теңіздің тартылғаны көрсетілген бейнекадрлер де әлеуметтік желілерде желдей ескен еді.