Ұлттық нейрохирургия орталығына 15 жыл толды
Астанада Қазақстан нейрохирургтарының V Конгресі өтті.
Ұлттық нейрохирургия орталығының 15 жылдығына арналған жиында жаңа технологиялар, қызметті ұйымдастыру, бөлімшелерді жарақтандыру стандарттары мен мамандарды даярлау сұрақтары талқыланды. Еліміздің бас нейрохирургы Серік Ақшолақов орталықтың 2008 жылдан бергі жұмысын қорытындылады. Осы уақыт аралығында елде алғаш рет нейрохирургияның жаңа бағыттары пайда болды. Олар микронейрохирургия, эндоваскулярлық нейрохирургия, тамырлы патологияларды емдеу, омыртқа мен жұлынның зақымдануы кезіндегі реконструктивтік операциялар, ісіктер мен мидың басқа да патологиясы кезінде нейромодуляция және нейронавигация жүйелерін қолдану бойынша 70 инновациялық технология енгізілді. Қырық мыңнан астам операция жүргізілді.
Серік Ақшолақов, Қазақстанның Еңбек Ері:
- Біріншіден, нейрохирургияның Қазақстандағы орталықтарының дамуы, жаңа заманауи технология аппараттарымен қамтамасыз етілуі және де нейрохиругия көлемінің үлкеюі, болашақ нейрохиругтерді дайындау туралы үлкен алдымызда жоспар бар.