Ақтөбе облысында азық-түлік өнімін өндіру ісі артады
Биыл «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру үшін 100 миллиард теңге бағытталып, елді мекендерде кәсіппен айцналысушы тұрғындардың саны едәуір артады.
Ал алдағы жылдары елімізде өндірілетін азық-түлік түрлерін көбейту басты міндеттің қатарында. Қазірдің өзінде ет, сүт, көкөніс шаруашылығын дамыту үшін ондаған жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Ақтөбе облысы тұрғындары және бизнес өкілдерімен кездескен Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Жүздесуде саланың өзекті мәселелері қозғалды.
Бұл қаздар Роза Шәрімбаеваның ауласында биыл ғана пайда болды. «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, 2,5 пайыздық мөлшерлемедегі несие алған көп балалы ана қазір нәтижесін көріп отыр. Өнімінің басым бөлігін өзі тұратын Саржансай ауылындағы дүкенге өткізуді тұрақты жолға қойған. Ал қалғанын отбасының қажеттілігіне жаратуда. 60 жасқа таяған ананың кәсіпті кеңейтіп, құс шаруашылығын дамытпақ ойы бар.
Роза Шәрімбаева, Саржансай ауылының тұрғыны:
- Көркейткім келеді әлде де, жақсы көрем. Біз елден келдік қой Қарақалпақстаннан. Ол жақта да мен түйетауық, нелерді 50, 60-қа дейін ұстап, өзінен шығаратын едім. Енді мынаны кіттай несушка, броллер дегенді бір күндік кезінен алып бақтық біздер. Үйде бақтық, одан сыртқа шығып. Енді болар еңбегін әйтеуір көріп жатырмыз.
Ақтөбе облысы «ауыл аманаты» жобасын белсенді іске асырып келе жатқан елдегі таңдаулы өңірлердің бірі. Бүгінде аймақта жалпы құны 4,5 млрд теңгені құрайтын 1127 жоба жүзеге асуда. Нәтижесінде, бірнеше ауылда жұмыссыздық жойылып отыр. Дегенмен, елді өзімізде өндірілген азық-түлікпен қамту басты міндеттің қатарында. Бұл ретте, жерді тиімді игеру, жылда мол алынатын көкөністі сақтау үшін қоймалар салу, сондай-ақ, су тапшылығын жою көзделіп отыр.
Нұртай Ноғаев, шаруа қожалығының басшысы:
- Қазақстанның қаншама жерінде кең дала бос жатыр. Бірақ не жоқ ол жерде? Су жоқ. Бұрын өзім жеке көзім көрді. Біздерде платиналар көп еді.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі:
- Қазір жол карта дайындап жатырмыз. Бір ұсыныс болады. Әрбір өңірде өзінің акиматтың шеңберінде бір ұйым ашуға, сумен айналысатын. Сол жұмысқа мен қазір шетелден сарапшылар шақырып жатырмын. Біріншіден, Қытайдан, екіншіден Израилден. Келеді. Себебі, осы екі мемлекетте ең жоғарғы тәжірибе бар, су сақтауға.
Қазір әлеуметтік азық-түрлерін өзімізде өндіруге баса көңіл бөлінген. Әсіресе, жыл сайын сырттан әкелінетін жүздеген мың тонна ет-сүт өнімдерін азайту көзделіп отыр.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі:
- Біріншіден осы жылы тағы 100 млрд бөліп, 65 сүт-таварлы фирма құруды бастадық. Сонымен қатар, еті бар. Бізге жетпейтіні қазір 150 мың тонна. Оған да бір 20 жобамыз бар ірі, 65 млрд-қа
Жалпылай алғанда, отандық нарықты өзіміздің өнімдерімізден толтыру жоспарда. Аладағы 3-4 жылда бұл межеге жету көзделген.
Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Айнадин Молдабеков