Ақмола облысында медиа мектеп жұмысын бастады
Ақпарат саласындағы кадрлық резервті дайындау.
Бұл Ақмола облысында ұйымдастырылған жазғы медиа мектептің басты мақсаты. Жалпы шараға қатысуға әр өңірден 100-ге жуық студент өтінім берген. Соның 50-і іріктелді. Олар төрт күн ішінде өздерінің коммуникативті дағдыларын жетілдіріп, журналистік шеберлігін шыңдайды. Айталық, оқу бағдарламасында журналистика тарихы, әлемдік журналистиканың дамуы мен ерекшеліктері, саладағы әдіс-тәсілдер, тілшілік этика мен стандарттар сынды көптеген заманауи бағыттартар қамтылған.
Саяжан Құдайберген, студент:
- Бізде әдетте университетте практика өте аз ғой, көбіне теориялық бағытта білім аламыз. Ал бұл жерде біз теориямен қоса, практикалық тұрғыда өзімізді сынап көрдік. Кеше біз подкасинг жайында біліп және оны түсіріп үлгердік. Жалпы медиа мектепке келгенімен өкінбеймін.
Ақниет Тәуірбай "MediaLab" орталығының басшысы:
- Бұл жазғы мектеп жобасы процестің алғашқы кезеңі болып табылады. Жазғы мектепті сәтті аяқтаған түлектер үлкен медиа холдингтерде тағылымдамадан өтеді. Ол 24 шілде мен 24 тамыз аралығында болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тағайындаған шәкіртақы негізінде олар кәсіби мамандармен өз машықтарын шыңдайды.