Есбол Асқарұлы 60 күнде 3000 шақырымды артқа тастады

60 күнде – 3 мың шақырым. Есбол Асқарұлы 1 мамырда Қытайдан жаяу жолға шыққан-ды.

Астананың төл құрдасы бүгін «Бәйтерекке» жаяу жетті. Сол арқылы қазақ-қытай достығын әлемге әйгілеуді мақсат тұтты. Оны Елорда жұрты тік көтере күтіп алды. Жас жігіт бұл сапарын Астананың туған күніне арнайтынын айтады.

Есбол Асқарұлы Қытайдың Манас ауданынан 1 мамырда жаяу жолға шыққан еді. Бүгін оны Астана жұрты қарсы алды. Жас жігіт 60 күнде 3000 шақырымды артқа тастады. Екі ай бойы қазақ-қытай достығын дәріптеп жетті.

Есбол Асқарұлы, саяхатшы:

- Жол бойында мына таулы орындар көп болды. Жаңағы мына ыстық жерлер де болады екен, мына Ақсүйек деген жерлерде. Ерекше ыстық болды ол жерлерде сол. Күндіз жүре алмай, түнде жүрген кездеріміз болды. Үздіксіз жаңағы суларымыз да төгіп етіп. Содан кейін торап ерекше әлсіз екен бұл жақта.

Есбол – 26 жаста. Әке-шешеден ерте айырылып, нағашыларының қолында өскен. Қазақстанды көру бала күніндегі арманы екен. Болашағын да Қазақстанмен байланыстырғысы келеді. Кәсіп ашып, ел дамуына үлес қоссам дейді.

Нұрдәулет Нұбәракұлы, "Болат тұяқ" қоғамдық қорының төрағасы:

- Егер, осылай осы елде қалып жатса, оның қалуына, кәсіп мәселесі, бәріне біз қоғамдық ұйым атынан көз қиығымызды салып жүреміз және басқа ұйымдарды, атпал азаматтарды жұмылдырып, келтіреміз деп ойлаймын.

Есбол бұл сапарын Елорданың туған күніне арнады. Бала кезден бергі тағы бір арманы «Бәйтеректі» көру еді. Бүгін ол арманына да жаяу жетті.

Авторлары: Нұрқанат Қанапия, Наурызбай Құрманғазы, Ақылбек Есімсейітов