Алматы облысыда ауыл көшелері жөнделіп жатыр
Алматы облысы Райымбек ауданының 40 жыл бойы жөнделмеген жолдары қалпына келтіріле бастады.
Қазір шалғайдағы ауылдардың ішкі көшелеріне асфальт төселіп жатыр. Мысалы Шалкөде ауылында күзге дейін 9 шақырым жол жөнделуі тиіс. Тозығы жеткен жолдың жаңаруын ауыл тұрғындары асыға күтуде. Аудандық маңызы бар 282 шақырым жол болса, соның 55% ғана жүріске жарамды. "Жыл сайын кемінде бір ауылдың көшесін қалыпқа келтіреміз", - дейді жауапты мамандар. Биыл Алматы облысындағы ауыл көшелерін жөндеуге бюджеттен 18 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.
Әбдірасыл Ілиясұлы, көлік жүргізушісі:
- Бастауын бастаған екен. Енді аяқтауы қалай болатынын бір алла біледі. скл Біз Алматыдан келіп едік. Дегенмен, бастауы жақсы екен соған куә болып бара жатырмыз.
Берік Дүйсембаев, Райымбек ауданының әкімі:
- Биыл 24 шақырым осы ауыл ауылдардағы жолдарды жасауға 750 млн-дай қаражат қарастырып. Қазір тендерлік конкурстық рәсімдер өтіп, жұмыстар басталып кетті. 24 шақырымды аяқтасақ сонда біз 63% шығамыз жолдың жақсы, қанағаттанарлық жағдайдағы бөліктері.