Қарағандыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталды

Күдікті әлеуметтік желі арқылы біраз адамды алдап соққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, бір мезетте бірнеше чат арқылы қаржы жинаған. Бұл әрекетін кәсіпкерлік мақсаттағы жұмысты жандандыруға көмек деп түсіндірген және 1 айдан кейін әр азаматтың қаржысы 3-4 есе болып қайтады деп уәде еткен. Алайда біраз уақыт өткесін салымшылар алданып қалғанын біледі. Алаяқтың арбауына түскендер жарты жыл ішінде 23 миллион теңге қаржысынан айырылыпты. 

Зарина Усманова, Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз хатшысы:

- Аталған дерек бойынша Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық К 217-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.