Шымкент мұнай өңдеу зауыты 90 % қуатында жұмыс істеп тұр

Елдегі ең ірі кәсіпорындағы жылу алмастырғыш қондырғысынан шыққан ақау мұнай өнімдерінің тапшылығын тудырмайды.

Себебі зауытта жанар жағармайдың мол қоры бар. Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен барған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Кәсіпорында жанар-жағармайды өндіру мен оны жөнелту жоспарға сай жүріп жатыр. Қазір каталитикалық риформингті орнатуды жөндеу жұмыстары қатар жүріп жатыр. Жылу алмастырғыштағы ақау көктемдегі жоспарлы жөндеу кезінде анықталған.

Ерболат Қожабаев, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС президенті:

- Жарты жылдық жоспарды жақсы бітірдік. 2 млн 800 мың тоннадай мұнай өндірдік. Жылу алмастырғыш қондырғы 13 жыл тұрды. Көктемгі науқанды бітіп күзгі науқанның арасында жасап аламыз деп соны 11-шілдеге дейін қайтадан іске қосамыз.

Зауытта мұндай өнімдерінің қоры жеткілікті. Кәсіпорын басшылығы осылай дейді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалаиев өндіріс барысымен танысты. Ол Атыраудағы мұнай өңдеу зауытындағы жағдай бақылауға алынғанын және ол жақта қалпына келтіру жұмыстары кестеге сай атқарылып жатқанын атап өтті.

Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы: 

- Мұнай өнімдерінің қоры қазіргі таңда елде жеткілікті. Елдегі барлық үш зауыт толығымен тоқтап тұр деген жалған ақпарат. Қазіргі таңда біз цифрларды көрдік. Автобензиннің де өндірісі жүріп жатыр. Дизель де, авиокеросин де бүкіл көлемі өндіріліп жатыр. Осы зауытта.

Шымкент мұнай өңдеу зауытының жылу алмастырғышындағы жөндеу жұмыстары 11 шілдеде аяқталады. Қазір барлық зауыттан мұнай өнімдері жөнелтіліп, ел бойынша АИ-95 маркілі бензин мен дизельдік отынның мол қоры жасақталған.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы