Маңғыстаудағы апат жанар-жағармай өндірісіне әсер ете ме?
Атырау мұнай өңдеу зауыты өзіне әлдеқашан жеке газтурбиналық электрстансасын салуы керек еді.
Маңғыстаудағы атом-энергетикалық комбинатта болған апат өндірістегі мәселенің айқындап берді. Жеке дара станса зауытқа қажет электр қуатымен қамти алар еді. Апат салдарынан жұмысы тоқтап қалған комбинаттың бір күндік шығын 10 млрд теңгеге жуықтайды. Дегенмен зауыт қызметінің уақытша тоқтауы жанар-жағармай тапшылығына әкелмеуі тиіс. Сарапшылардың болжамы бойынша, елдегі отын қоры жеткілікті.
Нұрлан Жұмағұлов, мұнай-газ саласының сарапшысы:
- Атырау мұнай өңдеу зауыты сияқты стратегиялық нысан сыртық желіге тәуелді болмауы тиіс. Қуаты 154 мегаватт болар жеке газ-турбиналық стансасын салу мәселесі енді қаралып жатыр. Бұны жылдамдату керек. Маңғыстаудағы атом-энергетикалық комбинатта апат жыл сайын болады. Салдарынан мұнай өңдеу зауытында жарылыс болмас үшін өндіріс газды текке өрттеуге мәжбүр.