Елордада әскери оркестрлер фестивалі өтеді
Халықаралық шараға отандық өнер ұжымдарымен қатар Әзербайжан, Үндістан, Өзбекстан, Жапония, Қытай, Түркия және Ресейдің де өкілдері қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған қоса пәкістандық мамандар да бақылаушы ретінде арнайы келді. Фестивальдің өзі ертең басталады және оның аясында әскери оркестрлер қаланың әртүрлі алаңдарында өнер көрсетеді. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде Қорғаныс министрлігінің өкілі мәлімдеді. Қазақстан атынан бұл шараға Мемлекеттік күзеттің президенттік оркестрі, Қарулы Күштердің және Ұлттық гвардияның оркестрі қатысады.