Солтүстікте далаға төгілген улы химикаттың сараптама қорытындысы шықты
Солтүстік Қазақстан облысында далаға төгілген улы химикаттың сараптама қорытындысы шықты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, келеңсіз жағдай өткен айдың басында Шал ақын ауданында болған еді. Әлеуметтік желіге тараған жазбаға қарағанда, жерге егіс алқаптарын өңдеуге арналған тыңайтқыш төгілген. Экология департаменті гидролизді азоттың 133 есе асып кеткенін анықтады. Енді шаруашылық иесі 1 млн теңге айыппұл төлеп, қоршаған ортаға тигізген залалды қалпына келтіруге тиіс.
Азамат Бектасов, экология департаментінің басшысы:
- Жер учаскесін әртүрлі реагенттермен қалпына келтіре алмаса мысалға, олар осы жер учаскесін қайта қазып, осы зардап шеккен учаскені утилизацияға жіберіліп, жаңадан жер әкеліп, сосын әртүрлі шөп, ағаштар отырғызып, осындай жұмыстар жасау керек.