Атырау облысында қамыс өртін сөндіру жалғасып жатыр
Атырау облысында қамыстың өртену аумағы 40 гектарға төмендеді.
Өрт ошақтарын сөндіру МИ-8 тікұшағымен жүзеге асырылуда. Қазір көлемі 60 тоннаға жуық су төгілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, батпақты жерлерге жету қиын болғандықтан өртті сөндіру қиынға соғуда. Жалынды ауыздықтауға 70-тен астам қызметкер мен 17 бірлік техника қатысуда. Өрт сөндіру жұмыстары кешеден бері жалғасып жатыр.