МАЭК-те жөндеу жұмысы аяқталды

Маңғыстау атом-энергетикалық комбинатындағы №1 энергетикалық блокты жөндеу жұмысы аяқталды.

Бұл туралы серіктестіктің баспасөз қызметі хабарлады. Блок кеше таңғы төртте қосылып, түстен кейін қуаты 150 мегаватқа жеткізілген.  Қазір комбинат өндіріп жатқан қуат 565 мегаватты құрайды. Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты Атырау өңіріне 36 мегаватт қуат бере отырып, облысты электр қуатымен қамтып отыр. Қазір Ақтау қаласы мен өңір тұрғындары электр қуатына толық қосылған. 3 шілдеде МАЭК-тің 1-энергоблогы істен шыққан еді.