Атырауда қамыс өртінің беті қайтты

Атырауда тұтанған қамыс өртінің беті қайтты.

Төрт күн бұрын Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауынан басталған өрт шамамен 830 гектар аумақты шарпыды. Алғашқы күндері «Ақжайық» резерватындағы қамыс өскен батпақты алқапқа техника жете алмай, өртті сөндіру қиынға соққан. Тек екі күн бұрын тікұшақ көмегімен тілсіз жаудың әрі қарай таралуына жол берілмеді. Осы уақытта екі тік ұшақ, 15 өрт сөндіргіш машина және 4 мотопомпа арқылы өрт ошақтарына 204 тонна су шашылды. Қазір елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыстарын жалғастырып жатыр.  

Асхат Ержанов облыстық тжд бастығының орынбасары

СНХ-аударма: Өрттің  өршуіне ыстық ауа райы және желдің күшеюі кері әсерін тигізді. Күні бүгін ашық жанып жатқан өрт ошақтары жойылды. Енді бықсып жатқан алқаптарды бақылауда ұстап отырмыз. Осы уақыт ішінде тік ұшақ арқылы әуеден 100 мәрте су шашылды. Жағдай бақылауда барлық техника мен адам күші орнында.