Ақмола облысында білім беру саласының есепшілері бюджет қаржысын жымқырған
Ақмола облысы білім беру саласының есепшілері бюджеттің 80 миллион теңгесін жымқырған.
Бұланды ауданындағы балабақша бухгалтері мемлекеттік сатып алу бойынша, кәсіпкерлерге жалған құжат рәсімдеп, өз туыстарының есеп-шотына 47 млн теңге аударып жіберген. Ал Степногорск қаласының білім беру мекемесінің есепшісі өзіне жалақы ретінде 36 млн теңге аударған. Енді қомақты көлемде қаржы жымқырған қос есепші 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Мақсат Сұрағанов, Облыстық Прокуратураның Басқарма Прокуроры:
- Осы фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қылмыстық істі тергеу үшін арнайы прокурорға жүктелді. Облыс прокуратурасының осы бағыттағы жұмыстары жалғасып жатыр.