Шымкентте жемқорлардан түскен қаржыға 6 мектеп салынады

Биыл Шымкент қаласында жемқорлардан өндірілген қаржыға алты мектеп салынады.

Мемлекет пайдасына тәркіленген сома 13 миллиард теңге шамасында. Құрылыс басқармасы барлық нысанға жобалық құжаттама әзірлеп, тиісті мемлекеттік сараптама жүргізді. Жаңа білім ұясы Тельман шағын ауданында бой көтереді. Ол 1200 оқушыға шақталады. Сонымен қатар бес мектептің жанынан қосымша оқу ғимараттары тұрғызылады.

Тұрар Сауытов, қалалық Білім басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл 6 мектеп білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы. Яғни аталған мектептер қосымша қаржы арқылы жүзеге асырылады. Бұл мектептердің барлығы салынған жағдайда қаладағы 5500 орындық орын тапшылығы мәселесі шешіледі. Сонымен қатар бір ыңғайластырылған мектептің мәселесі толығымен шешілейін деп отыр.