Биыл 10 мыңға жуық жас жұмысқа орналасады
Алматыда «Career Day» кәсіптік бағдар беру фестивалінің қорытындысы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шара 26 мыңнан астам жасты қамтыды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі нәтижесінде 9 мыңға жуық адам тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алып, соның жартысынан көбі жұмысқа орналасты.
Айта кетейік, жәрмеңкеге қатысқан компаниялар 10 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынғанымен, көбіне тәжірибелі мамандар қажет екенін жасырмады. Осыған орай түлектерге кеңес беріп, жаңа мамандықтарды игеруге шақырды. Бүгінгі таңда Алматыдағы жастар саны 700 мыңға жуықтайды. Биыл шамамен 42 мыңға жуық жоғары оқу орнын, 20 мыңға жуық түлек колледж бітіреді. Олардың 80%-і Алматыда қалып жұмыс істегісі келеді.
Әзиз Қажданбек қалалық Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары:
- Осы жылы өзімізге үлкен нәтиже қойып отырмыз. Жылдың аяғына дейін 10 мыңнан астам жасөспірімді жұмысқа тұрғызу. Қазіргі таңда соған барлық мүмкіншілктерді қарастрып жатырмыз. Осы жылдың басында мансап орталығы ашылған болатын. Қазір мансап орталығына 3 мыңнанан астам адам әдейілеп келіп, өздерінің білім бағдарын алды.