Елдегі ауаның ластану деңгейі жоғары аймақтардың тізімі жасалды
Ауаға тараған зиянды қалдықтардың мөлшері басым аймақтардың тізімі жасалды.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, биыл еліміз бойынша атмосфераға жалпы 2 мың 315 тонна зиянды зат тараған. Ауасы ең нашар аймақ Павлодар облысы, онда атмосфераға 724 мың тонна зиянды қалдықтар тараған. Қарағанды облысында ластаушы заттардың көлемі 469 мың тоннаға, ал Ақтөбе облысында 137 мың тоннаға жеткен. Зиянды қалдықтар негізінен электр энергияны, газды өңдеу нысандарынан тарайды. Сонымен қоса, көліктен шығатын газ, өңдеу, тау-кен өнеркәсіптері де атмосфераны ластайды. Дегенмен мамандар, биыл ауаға тараған зиянды шығарындылардың көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 4 процентке азайған деп отыр.