Сарбаздар әскери борышын өз өлкелерінде атқара алады
Жас сарбаздар ел алдындағы борышын өз өңірінде өтей алады.
120-дан астам сарбаз Түркістан облысы бойынша департаментінің аумағына өз әскери қызметтерін жалғастыру мақсатында келді. Осыған орай ашық есік күні ұйымдастырылды. Шекара бөлімшесінде психологтар жас сарбаздармен тесттер мен тренингтер өткізді. Мандаттық комиссиядан кейін сарбаздар негізгі қызмет орындарына жол тартты. Қолға алынған шаралар жастардың әскери қызметке жылдам биімделу үшін өз пайдасын тигізеді деп күтілуде.
Жанар Хамзина, тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасының аға офицері:
- Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша департаменті бұл іс-шараны жүзеге асырып отырған бірден-бір ведомствалық мекеме. Бұл деген ұжымдағы ведомстволық тәртіптің, моральді-психологиясының жақсаруына, сонымен қатар әскери қызметшіге өз өңірінде келісімшарт бойынша қызметке шақырылуына мүмкіндік береді.
Гүлжан Вероцкая, психолог:
- Әскери қызметке келген жігіттермен жеке жұмыс, топтық жұмыс жүргізу, жалпы әскери бөлімге бейімділігін анықтау. Қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру. Және барынша осы жігіттердің аман-сау өз қызметтерін жоғары дәрежеде атқарылып, оралуына үлес қосу.