Шығыста табиғаттың ластануын дрондар анықтайды
Экологияны қорғауға жаңа технологиялар керек.
Еліміздің шығысында табиғаттың ластануын дрондар анықтайды. Қызмет сапасын жақсарту үшін арнайы ұшу қондырғылары керек. Бірақ, замануаи техниканы сатып алуға қаражат жоқ. Неге?
Дрондарды қолдану ауқымы кеңейіп келеді. Шығыс Қазақстан облыстық экология департаменті ұшыру құрылғысын қолдану арқасында Бұқтырмадағы судың ластануы анықтаған. Сол кезде су бетіндегі мұнай 50 мың шаршы метрге жайылып кеткен. Мемлекеттік экологиялық инспектор Рауан Тұраровтың негізгі міндеті экологиялық заң бұзушылықтарды анықтау. Табиғаттың тазалығын қадағалау. «Жаңа технология табиғатты қорғау ісін жеңілдетер еді», - дейді ол.
Рауан Тұраров, облыстың бас мемлекеттік экология инспекторы:
«Дрон бізге жұмыс жүргізуге қте ыңғайлы құрал жабдық ретінде таныдық, көрдік. Қазіргі таңда соған ұқсас дронды пайдаланып жүрміз. Бцрақ ол жай ғана заң бұзушылықтарды төбеден бақылау үшін. Енді ешқандай ауа сапасын ондай бақылауғ бағалау деген сияқты осы дронмен атқарыла алмайды».
Бар мәселе дрондарға келіп тірелмейді. Департаменттің зертханасын да жаңарту қажет. Себебі мұндағы құралдар әбден ескірген. Бұл жерде заң бұзушылықтыр болғандығын, кемшілік кеткенін сөзбен емес нақты дәйектер арқылы дәлелденеді. Сондықтан бұл салаға күрделі өзгеріс керек. Ал қаражат осыдан екі жыл бұрын жаңа экологиялық кодекс аясында бөлінуі тиіс еді. Бірақ құжат қабылданған жоқ. Облыстық табиғи ресурстар басқармасының мәлімдеуінше, бұл істің аяқсыз қалуына шығыстағы әкімшілік бөлініс әсер еткен.
Аяулым Қайдарова, облыстық табиғи ресурстар басқармасының бөлім басшысы:
«Экология министрлігі мен қоғам белсенділерінен бірқатар ескерту болды. Қазір алдағы екі жылға арналған кешенді жоспар әзірленді. Сол бойынша мәслихаттың келесі сессиясында шешім қабылданады».
Күзге қарай жоба қаржыландыруы мүмкін. Алдағы уақытта аймақтағы ауаны тазартып, сапасын жақсартуға бюджеттен бір жарым миллиард теңге бөлу жоспарланған.
Анель Есенбердина, Алмас Садуақас, Жігер Бабаканов, Дмитрий Пыхтин