«Заңсыз иемделінген активтерді қайтару бойынша заң» өте өзекті заң
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң ел дамуына оң әсер етеді.
Жұмыс бабымен Солтүстік Қазақстан облысында жүрген Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров осындай пікірде. Оның айтуынша, жаңадан қабылданған заң жобасы Парламент қабырғасында қызу талқыланған. Маңызды құжат бұрын билікте болған адамдарды да тексеруге мүмкіндік береді. «Енді комиссия құрамына білікті мамандар мен сарапшылар тартылуы тиіс» -, дейді депутат.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біріншіден, мынау «Заңсыз иемделінген активтерді қайтару бойынша заң» өте өзекті заң. Және де қазіргі заманауи тұрғыда шынымен де біздің қоғамымыз талап ететін заң. Себебі қарасаңыз, соңғы бір жыл, бір жарым жылдың ішінде бірталай активтер қайтадан мемлекетке қайтарылды. Бірақ оны осы жұмысты ауқымды түрде жұмыс жасау үшін бұл жерге осы заң керек.