ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына – 31 жыл

Бүгін – Ұлттық қауіпсіздік органдары күні.

Елдің арнаулы қызметі 1992 жылдың 13 шілдесінде құрылған. Дәл сол сәттен отандық арнайы қызметтің тарихы бастау алып, әртүрлі кезеңдерді өткерді. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін - Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ әскери контрбарлау, шекара қызметі және өзге де ұйымдар құрайды. Ұлттық қуіпсіздік комитеті экономикалық, ақпараттық, саяси және өзге де салалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, мемлекеттің маңызды құрылымдық бөлігі. Кәсіби мерекеге орай Астанада салтанатты жиын өтіп, салада қажырлы еңбек еткен мамандар арнайы төсбелгілермен марапатталды.  

Ермек Сағымбаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

- Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі, азаматтардың қауіпсіздгі біздің басты міндетіміз болып табылады. Президент саяси модернизация жүргізіп, әлеуметтік-экономикалық даму бағытын айқындады. Ұлттық қауіпсіздік органдары алдында мемлекет басшысының бастамалары уақытында іске асуына ықпалдасып, кез келген  қауіп-қатерлерді болдырмау міндеті тұр. Әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтаймын!