Шымкентте 383 жер учаскесі заңсыз қолданысқа беріліп кеткен
Сорақысы сол бұл аумақтарда бас жоспарға сәйкес әлеуметтік нысандар мен автожол салынуы тиіс болған.
Ал геопорталдың ғарыштық түсірілімі кезінде жеке меншік нысандардың тұрғызылғаны байқалды. Прокурорлар жер заңмасының сақталуында өрескел бұзушылықтарды анықтады. Яғни жалған үкім негізінде учаскелер талан таражға түсіп, жекенің меншігіне өтіп кеткен. Қадағалаушы орган өкілдері сот шешімімен заңсыз соғылған нысандарды сүру жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Ал жер тілемдерін үлестіру бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар ұсталып, қамауға алынды.
Ғабит Мұқанов, қала прокуроры:
- Құны 3 млрд 300 млн теңге болатын 72 гектар коммерциялық жер мемлекетке қайтарылды. Заңсыз жерлерді иемдену фактілері бойынша 18 қылмыстық іс қозғалып олар бойынша делдалдар мен алаяқтар жауапқа тартылып отыр.