Елордада «Жолда қабылдау» науқаны басталды
Полиция департаментінің қызметкерлері халықтың көп шоғырланатын орындарында, кеңестік және құқықтық көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Яғни, кез келген тұрғын Көші-қон заңнамасын сақтау, автокөліктерді тіркеу, көлік құралдарын қайта жабдықтау мен жол жүрісін ұйымдастыру бойынша өз сауалын тікелей қоюға мүмкіндік алды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары, әкімшілік құқық бұзушылық үшін төленетін айыппұл мәселесі жөнінде сұрақтарға жауап беруге әзір.
Мамандар 100-ден астам азаматты қабылдауды көздеп отыр. Науқан ертең де жалғасын табады.
Бекмұрат Ергеш, қалалық ПД ӘПБ мемлекеттік автоинспекторы:
- Кейбір кісілерде шынымен жұмыстан уақыты жоқ. Басқа да шаруалармен жүреді, бізге келуге уақыты жоқ. Сол себепті біз халық арасында халыққа ашықтық мақсатында жауап беруге осындай акция ұйымдастырылып жатыр. Шараның өткізілу мақсаты – ПД мен халықтың арасын жақындату және Полиция департаментінің ашықтығын көрсету.