Екібастұздағы коммуналдық апат бойынша сот басталды

Екібастұзда жергілікті жылу электр станциясындағы апатқа қатысты сот басталды.

Кінәлі тарап шаһарды жылумен қамтуға жауапты ұйымдардың бұрынғы жетекшілері. Оларға Қылмыстық кодекстің 254-бабы, яғни «Міндеттеріне адал қарамау» бойынша айып тағылған. Сот материалдарына сүйенсек, жылу станциясында күрделі жөндеу 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген. Жауаптылар гидравликалық сынақтар мен жабдықтарды куәландырумен ғана шектелген. Соның салдарынан қалада төтенше жағдай жарияланып, 149 көп қабатты үй, 15 әлеуметтік нысан мен 100-ден астам жекеменшік баспана жылусыз қалған.