БҚО орманшыларына жаңа техникалық құралдар берілді

Батыс Қазақстан облысында бұрын 10 орманшыға бір рациядан келсе, енді әрқайсысының жеке рациясы болмақ.

Оларға осы құралдың 420-сы тапсырылды. Алты өрт сөндіру кешені де енді орман шаруашылықтарына жетіп, тоғай және дала өртін сөндіруге атсалыспақ. Бұл құрал жабдықтарды алуға облыс бюджетінен 75 миллион теңге бөлінген.  

Қуанышқали Есімов, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Ерекше жыл болып жатыр. Жыл басынан облыс әкімінің қолдауымен біраз қаржы бөлініп, техника бөлініп жатыр. 1 млрд 187 млнға 25 трактор 13 автокөлік және 78 қажетті құрал-жабдықтар алынған болатын.  Соңғы рет техника 2007 жылы бөлінген. Осындай көп мөлшерде биылғы жылы тек қана бөлініп жатыр.