Алматыда электросамокат мектебі ашылды
Электросамокатты дұрыс жүргізе білу керек.
Алматыда осыны үйрететін мектеп ашылды. Мұнда тәжірибелі нұсқаушылар екі күн бойы самокатты қауіпсіз және дұрыс пайдалануды тегін үйретеді. Одан бөлек келушілер ережеге сай жүргізу мен тұраққа қоюды меңгереді. Былтыр осындай тренингке мың жарымнан астам тұрғын қатысып, электросамокатпен жүруге машықтанған. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы жақында ғана жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша заңға қол қойды. Енді самокаттың қозғалысы осы заңмен реттеледі.
Индира Әндір, қалалық мобильділік басқармасының өкілі:
- Бұл жерде біздер қалалықтарға электросамокаттардың 18 жастан бастап қана пайдалануға болатынын, онымен қатты көп жылдамдықпен жүруге болмайтындығын, одан кейін 1 самокатты 1 адамның ғана пайдалану керектігін және олардың не үшін жасау керектігін түсіндіреміз.
Сонымен қатар қалалықтардың арасында самокаттарды пайдаланудың мәдениетін қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.