Активтерді қайтару туралы заң қылмыстық іске қарамастан мәселені жеке қарауға мүмкіндік береді

Активтерді қайтару туралы жаңадан қабылданған заң қылмыстық істің бар-жоғына қарамастан мәселені жеке қарауға мүмкіндік береді.

Заңның әр бабы нақтыланған, әрі түпкі мақсатына сай келеді. Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Илья Лунёвтің жаңа құжатқа қатысты ойы осыған саяды. Адвокаттың пікірінше, заңда оны айналып өтетіндей еш қалтарыс жоқ. Кезінде заңсыз иемденген активті ерікті және мәжбүрлі түрде қайтарудың амалдары нақты көрсетілген. 

Илья Лунёв, Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты

- Жаңа заңда шетелдік сот пен халықаралық органдарға жүгіне отырып, активтерді мәжбүрлі түрде қайтару қарастырылған. Бұл өте маңызды мәселе. Егер комиссия өзге елге заңсыз шығарылған актив не қаржыны анықтағанымен, ұлттық заңның өзге мемлекетке ықпалы болмауы мүмкін. Сондықтан міндетті түрде сол елдің сотына жүгіну керек болады. Меніңше, мұнда да еш кедергі жоқ, бұл механизм әлдеқашан реттелген.