Елордалықтарға 6 айда пәтер әперуге уәде еткен күдікті ұсталды
Елордалықтарға «6 айда пәтер алып беремін» деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ол «Семейный капитал» қаржы пирамидасын құрған. Тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісімшарт жасасқан, - дейді мамандар. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жұмыстары басталды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейін инвестиция, 30-дан 60%-ке дейінгі артық төлеммен, тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген. Соның салдарынан азаматтар уәде еткен пәтерлерін алмаған. Салынған ақша қаражаты қайтарылмады. Осылайша, аталған азамат жалпы сомасы 450 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.