Алматыда Jiger әскери-далалық жиыны өтеді

Жиынға 24 пен 35 жас аралығындағы жұмыссыз жүрген жастар қатыса алады.

Сондай-ақ ол Алматы тұрғыны болуы тиіс. Жиын барысында қатысушылар жауынгерлік техникамен және қару-жарақпен танысады. Жаттығу Алматыдағы әскери-техникалық мектебі филиалында және «73652» базасында өткізіледі. Жиын екі кезеңнен тұрады. Оған бастапқы әскери дайындық және түрлі әскери дағдылар бойынша дайындық кіреді. Яғни кәсіптік техникалық мамандықты игеріп шығады. Бастысы далалық жиын аяқталған соң  әскери билет беріледі.

Жасұлан Қуандық, қалалық студенттер альянсының директоры:

- 30 жас 40 күндік әскерге тегін дайындықтан өтетін болады. Бітіргеннен кейін міндетті түрде қолдарына әскери билетін қоса алып шығады. Бұл жастарға мемлекеттік тарапынан жасалып отырған үлкен мүмкіндік деп білем. Себебі жұмыссыз жастардың 40 күндік әскерді төлеуге мысалы, шынынын айту керек шамалары келмеуі мүмкін.