Қарағанды облысындағы табиғи өрттің негізгі алаңы сөндірілді
Қазір Шет ауданының Талды ауылдық округіне қарасты тау жоталардың аумағында 34 гектарға жуық жердегі жалынмен күрес жүріп жатыр.
Ал жалпы жанған аумақ 150 гектарға жеткен. Оның 130-і сөндірілді, дейді мамандар. Қураған ағаш, күрделі таулы жер, ошақтардың бөлшектенуі, су көздерінің алыстығы және жолдың болмауы өртті сөндіруге кедергі болып тұр. Бұдан бөлек облыста өткен тәулікте үш дала өрті толық сөндірілді.
Жанна Дәуренбекова, ТЖД ресми өкілі:
- Қиындықтарға қарамастан, өрттің жиектері сөндірілді, ашық жану жоқ, шағын аумақтарда бықсу орын алуда. Тартылған күштер жартастар арасындағы қалың қураған жерлерді сөндіруде. Өрт сөндіруге 139 адам мен 20 бірлік техника тартылды. Сонымен қатар су төгу құрылғысы бар тікұшақ жұмылдырылды.