Жамбыл облысында шалғай ауылдарға автобус жүре бастады
Жамбыл облысында шалғай ауылдарға қоғамдық көлік жүре бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жаңадан қосылған 3 бағыт Жамбыл ауданындағы 13 елді мекенді аудан орталығымен байланыстырады. Тоқырау жылдарында тоқтап қалған жолаушы тасымалы енді мемлекет тарапынан субсидияланады. Жол ақысы такси бағасынан арзан. 150 теңге. Автобус таңертең ауылдағы ағайынды аудан орталығына жеткізіп, кешкісін кері қайтады.
Сембек Пірімқұлов, Шоқай ауылының тұрғыны:
- Таксимен жүретінбіз. Мынау жол азабын жолаушы біледі дегендей, біз күнде осы ауданға қызмет істейміз. Мынау ауданға қаралатын балаларымыз бар, жастарымыз бар. Бұл өте ыңғайлы болды.
Гүлнәр Өмірбаева, Жамбыл ауданының тұрғыны:
- Емханадан азанғы уақытта «анализін» өткізіп кеткенге, барлығына өте пайдалы тиімді болып тұр. Мына таксиден гөрі екі есе арзан болып тұр.
Мақсат Үсенбаев, Жамбыл аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
- 49 миллион қаржы бөлініп отыр. Жылына бөлінетін. Қазір енді бұл 3 жылға келісімшарт жасалып отыр. Ұсыныстар болып жатыр. Аса осы өзіміздің аудан орталығынан қалаға жеткізетін болса деген ұсыныстар болып жатыр. Енді оны да мердігерлермен келісімшарттар жасасып, өзіміздің орталық базар бар ғой қаладағы, соған дейін маршрутты жүргізіп жатырмыз.