Елде жұмыссыз әйелдерге арналған «Айти-әйел» бағдарламасы іке қосылды

Елдегі жұмыссыз әйелдердің «Айти-әйел» бағдарламасы арқылы білім алуына мүмкіндік бар.

«Астана хаб» басқарушы директоры Алина Әбдірахманова осылай деді. Оның айтуынша, жоғары білімді, еңбекке жарамды нәзік жандардың 34 пайызы жұмыс істемейді. Ал аталмыш жоба аясында олар компьютерді пайдалану, веб-сайттар мен түрлі қосымшаларды жасап шығаруға арналған курстардан өте алады. Арнайы сабақтар онлайн өтеді. Сондықтан оған бала күтімімен үйде отырған аналар да қатыса алады. Бүгінде бұл жобаның игілігін елдегі 7 мыңнан астам әйел көріп отыр.

Алина Әбдірахманова, Astana Hub басқарушы директоры:

- Бағдарлама Қазақстандағы әйелдерді дамытуға бағытталған. Яғни кез келген әйел, тек қана айти саласы бойынша білім алып қана қоймайды. Сол арқылы үйден шықпай-ақ табыс табуға мүмкіндігі бар. Нәзік жандарға барлық жағдай жасалған. Тек көрем, білем, қатысам деген ниет болса, сол жеткілікті.