Қазақстандық дәрігерлер қатерлі ісікті емдеудің бірегей әдісін енгізді

Қазақстандық дәрігерлер балаларда кездесетін бауырдағы қатерлі ісікті емдеудің бірегей әдісін енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында алғаш рет химиоэмболизация тәсілімен операция жасалды.

Мұндай тәжірибе елімізде ересек адамдарға ғана қолданылып келген. Енді бауыр обырына шалдыққан балалардың өмірін сақтауға мүмкіндік туып отыр.

Химиотерапевтік препарат алдымен алдымен арнайы құралдар арқылы  микросфераларға жүктеледі. Сөйтіп, химиотерапевтік препарат қан тамырлары жүйесі арқылы бауырдағы қатерлі ісікті тікелей жеткізіледі. Бұл ондағы ісікті жоюға мүмкіндік береді. Мұндай әдісті балағы қолдануды  Орталық Азия елдерінде алғаш қазақстандық дәрігерлер қолға алып отыр.    Операцияны білікті дәрігерлер Нияз Малаев, Азиз Оңласынов, Бегайдар Елібаев жасады.

Бегайдар Елібаев, балалар онкохирургі, рентгенхирург: 

- Бұл емнің артықшылығы, баланың өміріне қауіп төндірмейді. Баланың

өмірін ұзартуға жағдай жасайды және баланың ауруханада жатуы 2-3 күнді құрайды. Бұл емдеуді қолдану кезінде сан артериясы арқылы кіреміз. Кататердің көмегімен бауырда орналасқан ісікке тікелей химия препарат енгіземіз. Соның әсерінен химиялық препарат жергілікті әсер етеді. Жалпы баланың ағзасын уландырмайды.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл әдіс хирургиялық операция жасауға келмейтін  бауыр обырынына шалдыққандарға қолданылады. Осы арқылы бауыр ісігінің  көлемін тұрақтандыруға немесе азайтуға болады. Алғашқы ота 1,5 жастағы балаға жасалды. Диагнозы – гепатобластома.

Азиз Оңласынов, балалар онкохирургі,  рентгенхирург:

- 2005 жылдан бастап шетелде жасап жатыр. Бізде де жасалып жатқан нәрсе. Бірақ ересек кісілерге. Ал балаларда бірінші болайын деп отыр. Енді шетелге барудың қажет жоқ болады, құдай қаласа.

Жыл сайын елімізде, өкінішке қарай, дәрігерлер қатерлі ісікке шалдыққан  600-ге жуық баланы анықтайды. Оның арасында гепатобластома диагнозы да кездеседі. Соңғы 10 жылда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында дәл осы ауру бойынша 70-ке жуық бала ем қабылдаған. 

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Сұлтан Бейсекенов.