Алматы тауларында сел жүрді
Кешегі нөсер жаңбыр салдарынан Алматы тауларында, Үлкен Алматы өзенінде сел жүрді.
Бұл туралы «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мәлімдеді. Мекеме қызметкерлері Аюсай шатқалындағы лай судың тасуын таспалап, әлеуметтік желідегі парақшасына салды. Мамандардың айтуынша, лайлану деңгейі 4-5 балға жеткен. Әзірге селден секем алудың қажеті жоқ. Сайлардағы лай су етектегі бекеттерге құйылып жатыр.
Самат Дәуленханов, "Қазселденқорғау" ММ Алматы филиалының басшысы:
- Нөсер жауын салдарынан Үлкен Алматы өзенінің су деңгейі 5 текше метрге дейін көтерілді. Бүгінгі күні жағдай бірқалыпты. Таудағы мұзды көлдер қауіпсіз деңгейде ешқандай селге қауіп жоқ.