ҰБТ: жоғары балл жинап берген күдіктілер ұсталды
«Ақшасын төле де, ҰБТ-дан жоғары балл жина!».
Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облысындағы тестілеу орталығының қызметкерлері дәл осындай науқан жүргізген сыңайлы. Күдіктілер педагогтердің білімін бағалау процесіне де араласқан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, олар талапкерлер мен педагогтердің компьютеріне қашықтан қосылып, тесттен жоғары нәтиже жинап берген. Сол үшін сыйақы алып отырған.
Негізгі 3 күдікті 19 шілдеді ұсталды. Тінту барысында қашықтан қосылуды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен бағдарламалар және заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеп-тексеру амалдары басталды.
Айта кетейік, былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған ұқсас қылмыс жасаған 6 адамды жауапкершілікке тартқан еді.