Шымкентте полицияның рота командирлері сотталды

Шымкентте Полиция департаментінің бұрынғы лауазымды қос қызметкері 7 жылға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы төртінші және сегізінші рота командирлерінің құйтырқы әрекетін әшкереледі. Олар өз өкілеттігін асыра пайдаланып, қарамағындағылардан қамқорлық көрсеткені үшін 10 мың теңгеге дейін пара алып отырған. Бұл аздай әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 130 мың теңге заңсыз сыйақы сұраған. Енді олар сот үкімімен өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетіліп, қамауға алынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.