Қарағанды облысының тұрғындары көмір қорын 52 арнайы сату орынынан алады
Биыл Қарағанды облысының тұрғындары қысқа қажетті көмір қорын 52 арнайы сату орынынан алады.
Оның 20-сы Қарағанды қаласында орналасқан. Жауаптылар күзге қарай дүрбелең тудырмас үшін қазірден бастап отынды кіргізіп алуға кеңес беріп отыр.
Бұл Қарағандының ең ірі көмір сату орындарының бірі. Мұнда сұранысқа сай тәулігіне 7-ден 28 вагон аралығында көмір жеткізіледі. Қор жеткілікті. Көмір аламын деушілер болса кезек те жоқ. Жалпы облыс бойынша қазір осындай 52 пункт тұрақты жұмыс істеп тұр.
Владимир Крылов, көмір қоймасының басшысы:
- Тұрғындардың көбі алғашқы суық түскен кезде ғана лап қойып келе бастайды. Сол кезде тәулігіне 200-ге жуық камазға отын тиеп береміз. Кезекте болады. Қазір осында 15 мың тонна көмір бар. Бірақ ерте қамданып, келіп алып жатқандар саусақпен санарлық.
Қарағанды облысына тиесілі көмір қоры алыпсатарлардың қолында кетпеуі маңызды. Сол үшін биыл Шұбаркөл көмірдегі тасымалдау бекеті жұмысын тоқтатқан. Енді ол тек темір жол арқылы жеткізілетін болады.
Дарын Бұлқайыр, облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:
- Қарағанды облысына жалпы көлемі 1 млн тонна болса Шұбаркөлден ол шығарылады. Бірақ ол бірден келе салмайды. Ай-сайынға бөлініп келеді. Яғни бір состав пен бір мезгілде кірмейді облысқа. Соны ұғуларыңыз керек. Айсайынғы бекітілген көлем бар, соған сай халықта алып отыруы тиіс.
Қарағанды облысында жыл сайынғы көмірге деген қажеттілік шамамен 1 млн 100 мың тонна. Шұбаркөл көмірінің тоннасы биыл 13 мың теңгеден сәл асты. Қазір облыста құрылған арнайы штаб көмірдің қажет жеріне кедергісіз жеткізілуін бақылап отыр.
Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайран Ақамбаев