Қостанайлық полицейлер 58 келіден астам марихуана тапты
Қостанайлық полицейлер ірі көлемде есірткі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қылмыстық топ арнайы операция кезінде анықталды. Тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан 11 адам қамауға алынды. Тінту кезінде тәртіп сақшылары 58 келіден астам марихуана тапты. Мұндай ірі партияның қара нарықтағы құны 9 миллион теңгеден асады. Күдіктілер есірткіні жалға алған гаражда сақтаған. Сол жерде сатып отырған.
Юрий Михальцов, облыстық ПД басқармасының аға жедел уәкілі:
- Ең жас қылмыскер 22 жаста. Ал үлкені 54 жаста. Қазіргі уақытта 5 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзгелеріне тұрғылықты мекенжайынан ешқайда кетпеу туралы шара қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.