Шымкентте жылу бағасы 13% қымбаттауы мүмкін
Жергілікті жылу энерго орталығы Табиғи монополияларды реттеу департаментінен тариф саясатын қайта қарауды сұрап отыр.
Бұған биыл газдың 9,5%-ке қымбаттауы себеп. Сонымен бірге орталықты жөндеуге бағытталған инвестициялық шығындар 55 миллион теңгеге артқан. Коммуналдық мекеме тарифті өсіру арқылы қызметкерлердің еңбекақысын көтеруді жоспарлап отыр. Қазір мұндағы жұмысшылардың орташа жалақысы 114 мың теңгеден аспайды. Тамыз айының соңына дейін Монополияға қарсы департамент ұсынысты зерттеп, тариф саясатына қатысты нақты қорытынды жасайды.
Дархан Қайынбердиев, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы:
- Ол қазір біздің департаментпен қаралып жатыр. Кеше ғана біз өңірлік комиссия мамандарын шақырып, талқыладық. Бұл жерде 1 жылдық болып саналған. Бірақ өздеріңіз де білесіздер жылдың 7 айы өтіп кетті. Сол себептен екі есе сұрап жатқандарынан төмендейтін шығар тариф.