Жыл соңына дейін бірқатар министрлік цифрлық сервистерді қолданысқа енгізеді

Бұл жайында Прьемер-министрдің орынбасары, Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Басқосуда кейінгі 6 айдағы жаңа цифрлық бастамаларды іске асыру жұмыстары қорытындыланды. Мәселен, Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру бойынша тіркеу науқанын проактивті форматқа ауыстыру жөніндегі жобасын айтуға болады. Бұл азаматтарды әскери комиссариаттарға бару, медициналық куәландырудан өту және жеке іс үшін құжат жинау қажеттілігінен босатты. Оқу-ағарту министрлігінің дипломның түпнұсқа екенін тексеру мақсатында QR-кодтар енгізгені де айтылды.