Ақтөбеде жемқорлардан тәркіленген қаражатқа спорт нысаны салынды
Облыстағы ең үлкен воркаут алаңының құрылысына 47 миллион теңге жұмсалды.
Қаржы «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының экс-басшылығына қатысты қылмыстық іс аясында қайтарылды. Қазынаға 197 миллион теңге өндірілді. Оның 150 миллион теңгесі Құмжарған ауылындағы мектеп құрылысын аяқтауға бөлінді. Биыл сот шешімімен жемқорлыққа жол берген қылмыскерлерден мемлекет пайдасына 341 миллион теңге қайтарылды. Бұл қаражат түрлі әлеуметтік нысандар салуға жұмсалады.
Алмат Мырзалиев, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:
- Енді бюджетке қайтып келетін ақшалардың барлығы жалпы біріңғай бір фондқа толтырылады. Сол фондтан білім министрлігімен бірігіп мектеп салынады Қазақстан аумағында. Менің білуімше Ақтөбе облысында екі мектеп салу жоспарланып жатыр.